"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Бас дәрігердің блогына қош келдіңіз

Құрметті емделушілер!
Біздің мекемеде Сіздерге дәрігердің кеңес беруінен бастап, стационарда кешенді тексерілу және емделуге дейінгі медициналық қызметтердің кең спектрі ұсынылған.
Біз Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау мен күшейтуге ұмтылудамыз және біздің ауруханада жатуларыңыз  ыңғайлы, ал сауығуларыңыз тез болуы үшін қолымыздан келген жағдайлардың барлығын жасаймыз.
Біздің басты мақсатымыз – Сіздерге сапалы медициналық қызмет көрсету.
Сіздерден медициналық қызметкерлердің қиын еңбек жолына түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Егер қызмет көрсету барысында медициналық қызметкерлер әділетсіз және дөрекі әрекеттер көрсетсе немесе жемқорлықтың орын алу белгілері пайда болған жағдайда, 8 (726 35) 2 21 49 байланыс нөмірі арқылы, тікелей маған хабарласуларыңызға болады.

 

Құрметпен, ШЖҚ «Жуалы аудандық
орталық ауруханасы» МКК

бас дәрігері                                                                 Б.Алпысбай

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.

В этой форме вы можете задать ваш вопрос:
Защитный код
Обновить картинку
Қайрат:
04:37, 05.10.2017
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан шетел азаматтары мен олардың отбасылары медициналық көмек алу үшін ехханаға қалай тіркеледі ?
Алпысбай Батихан:
04:53, 05.10.2017
«Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан шетел азаматтары мен олардың отбасылары медициналық көмек алу үшін ехханаға қалай тіркеледі ?»

Қайрат сіздің сұрағыңызға жауап: 2009 жылғы 18 қыркүйектегі ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі/ 2017 жылдың 30-шы маусымдағы өзгерісіне сәйкес/ бойынша « Шетел азаматары және азаматтығы жоқтар ҚР аумағында тұрып жатқандар кепілдендірілген, тегін медициналық көмек алуға құқылы» делінген осыған орай,ҚР аумағына уақытша келген шетел азаматтары және олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрету үшін олардың жекебасын куәландыратын құжаттардың көшірмесі мен арыздарын алу арқылы емханаға тіркеуге болады. Және сол емханда кепілдендірілген, тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Толғанай:
17:38, 07.01.2018
Салеметсизбе. Биздин ауруханага жыл сайынгы тусетин мемлекеттик тегин каралатын комек кашан туседы биылгы жылга. Бизге Жошыбаев атындагы кардиохирургиялык орталыкка баруга жолдама керек еды.
Алпысбай Батихан:
06:26, 08.01.2018
Сіздің сұрағыңызға төмендегідей жауап береміз:
2018 жылдың 15 -ші қаңтарынан бастап аудандағы емханаға сіздің сұрағыңыз бойынша тіркелген аймактық дәрігеріңғізге келуіңізге болады. Егер де жағдайыңыз шұғұл (экстренный) болса,онда кез келген уақытта бізге келуіңізге болады.
Адильхан:
06:13, 22.11.2018
Ассалаумагалейкум Батихан Алпысбай Жуалы ауданы туберкулезге карсы ауруханасына хабарласса алмай жатырмыз, алган жагдайда да тындап турып коя салады, НЫСАНБЕКОВА МАНСИЯ КЕРЕЙБЕКОВНА деген киси жумыс жасайды ма?
Адильхан:
06:55, 22.11.2018
Ассалауммагалейкум Батихан Алпысбай сизге калай кабарлассак болады?
Алпысбай Батихан:
08:16, 22.11.2018
Уағалейкум ассалам, Жуалы ауданында туберкулезге қарсы диспансер 2016 жылы жабылған, мекеме қазір жоқ, бірақ сіз сұраған Нысанбекова Мансия Керейбековна Жуалы аудандық орталық ауруханасының зертхана бөлімінде жұмыс істейді.
Кенжебек Ақерке:
10:59, 27.03.2019
Сəлеметсіздер ме! Мен 2 топтағы мүгедекпін. Диагнозым прогрессируещая мышечная дистрофия. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Ақбастау ауылында тұрамын. Қазір жағдайым өте қиын. Жүріп-тұруым өте нашар. Менің диагнозым бойынша дəрігерлер мені үйге келіп тексеруі керек деп шешкен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы да, Жуалы аудандық аурухананың бас дəрігері де. Бірақ, дəрігерлер үйге келмейді. Əр үш квартал сайын тексерістен өт деп мені мəжбүрлеп ауруханаға шақырады. Мен өздігімнен бара алмаймын ауруханаға. Осыны тексеріп, қарауларыңызды сұранамын.
Алпысбай Батихан:
04:31, 28.03.2019
Сіздің өтініші бойынша тексеру жүргізіліп, аймақтық дәрігеріне және фельдшеріне, қажетті сараптамаларды үй жағдайында алу керектігі түсіндіріліп ескерту жасалғандығын хабарлаймыз. Осы тапсырманы орындау емхана бөлімінің меңгерушісінің бақылауында.
Серик:
04:27, 31.03.2019
Саламатсыз дәрігер! Мен Ертай ауылы №25 үйдің тұрғынымын 6 айдан бері сіздерде гепатит В диогнозымен тіркеудемін.Сауалым: Гепатит "В" сары ауырумен ауыратын науқастарға тегін дәрі қашан келеді?

Көктемгі уақытта ауырудың қозуына байланысты ауыруханаға жататын болсам вирусқа қарсы гепопротекторлар, капитететін уколдар бар ма?
Алпысбай Батихан:
09:59, 01.04.2019
Саламатсызба?! 2018 жылы қараша айында тегін дәрі-дәрмекке алдын ала болжамды сұраныс берілген болатын, алайда бағаның өзгеруіне байланысты ақпан айында қайта сұраныс жіберілді, сәуір айында келеді. Дәрі-дәрмек келген кезде Сізге беріледі.