"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізуді бастау туралы хабарлама

Тіркеу кампаниясы тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер, Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізіледі.

Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қоры уәкілетті органның(www.mz.gov.kz), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (www.fms.kz) интернет-ресурстарында 2017 жылғы 14 қыркүйекте орналастырылады.   

Азаматтарды тіркеу ӘМСК ұйымдарында олардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, тікелей немесе жазбаша немесе «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы  өтінгенде жүргізіледі.

Он сегіз жасқа толмаған адамдарды тіркеу тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың бар болу кезінде жүргізіледі.