"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Ақпарат

2021жылдың 30 қараша мәлімет бойынша Жуалы ауданында I компонентті 25170 адам(100.0%) вакцина салдырды. II компоненттен 24113адам(95.8%).

View the embedded image gallery online at:
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/a-parat.html#sigFreeId99adf53a7b

View the embedded image gallery online at:
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/a-parat.html#sigFreeIdb824118dfb
View the embedded image gallery online at:
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/a-parat.html#sigFreeId0eb99f42f5

Вакцинаның екінші компонентін алу мүмкіндігі 21 күнге сақталады - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы дозалар арасындағы аралықты қысқартқысы келетіндердің өтінішінен бас тарту туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді. Бас санитарлық дәрігердің Қаулысында азаматтардың өтініші бойынша 21-90 күн аралығында вакцина алуға



Приложение 4.1

Репродуктивное число Rt на основе регистрации

подтвержденных и вероятных случаев КВИ по регионам

за 24.04.2021-28.04.2021 г.

п/п

Регион

24.04

25.04

26.04

27.04

28.04

1.

г.Нур-Султан

0,930

0,952

0,937

0,940

0,958

2.

г.Алматы

1,021

1,021

1,018

1,019

1,016

3.

г.Шымкент

1,024

0,991

0,971

1,009

1,001

4.

Акмолинская область

1,173

1,197

1,202

1,197

1,184

5.

Актюбинская область

1,038

0,948

0,901

0,883

0,910

6.

Алматинская область

0,962

0,954

0,954

0,951

0,937

7.

Атырауская область

1,052

1,020

0,964

0,955

0,930

8.

ВКО

1,073

1,054

1,040

1,034

1,023

9.

Жамбылская область

1,281

1,207

1,138

1,109

1,096

10.

ЗКО

1,227

1,128

0,967

0,916

0,907

11.

Карагандинская область

1,077

1,071

1,074

1,082

1,079

12.

Костанайская область

1,062

1,036

1,003

0,953

0,926

13.

Кызылординская область

1,019

1,138

1,131

1,139

1,119

14.

Мангистауская область

1,218

1,089

1,051

1,034

0,916

15.

Павлодарская область

1,137

1,177

1,214

1,311

1,370

16.

СКО

0,994

0,992

0,991

0,986

0,998

17.

Туркестанская область

1,159

1,093

1,139

1,018

0,984

 

Республика Казахстан

1,037

1,026

1,006

1,003

1,001

 

 


Бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ Жуалы аудандық орталық ауруханасының БАЙҚАУ КЕҢЕСІ «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері(1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ: «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

ОРНАЛАСҚАН  ЖЕРІ: 080300 Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Сұлтан Бейбарыс, 1 үй, тел. 87263522149(Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.)

КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ:

тұрғындарға дәрігерге дейінгі көмек, амбулаториялық-емханалық және стационарлық жағдайларда тәулік бойы, медициналық көрсеткіштер бойынша профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін қамтитын білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.

Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

"Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ:

Білу керек, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңы; қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындаға уәкілетті органының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) интернет-ресурстарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік  15 (он бес) күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: 080300 Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Сұлтан Бейбарыс, 1 үй, тел. 87263522149, (Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.)

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
  2. Еркін нысанда жазылған өмірбаян.
  3. Білімі туралы құжаттардың көшірмеслері.
  4. Еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат.
  5. " Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № 175 бұйрығыменбекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді.) 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

КОНКУРСТЫҢ ӨТЕТІН КҮНІ: конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

КОНКУРСТЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ: 080300 Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Сұлтан Бейбарыс, 1 үй, тел. 87263522149(Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.)

Конкурсқа жіберілген үміткерлер Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Осы бос лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге жеңілдіктер берілмейді.