"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Профилактика бөлімі

2021 жылдың 21-23 қаңтар аралығында «Денсаулақ сақтаудағы әлеуметтік жұмыс және психология негіздері . Патронаттық әлеуметтік-психологиялық аспектілерді , БМСК деңгейіндегі ауруларды басқару» тақырыбында медицина қызметкерлеріне арнайы семинар өтті . Семинарды

Нұр-Сұлтан қаласынан келген  «Алғашқы медициналық –санитарлық көмек » ұлттық қауымдастығы басқарма төрайымы Роза Абзалова және Алматы қаласының әлеуметтік психологиялық жұмысы бойынша үйлестірушілер Мусаева Ю.К., Касимова Л.К.,Жанабекова Ж.Ж.,Нурбекова Б.А. ,Мусабаев Ю.К. жүргізді. Семинарға Жамбыл облысының медбикелері , әлеуметтік қызметкерлері мен психологтары қатысты . Семинарға барлығы 156 адам қатысты, оның сегізіЖуалы аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері. Семинарға қатысқан  қызметкерлер , Егізбаева Г.С. Кадірқұл Ж.Н. Даниярова Д.Е. ,психологтар Асқар А. Абылайхан Б. Сейтаева В. , әлеуметтік қызметкерлер Жасуланова М. Досмайлова А. Куатбек А. белсене қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Семинардың жалғасы 9-ақпан күні аудан әкімінің орынбасары Асхат Базарбайұлы ,бас дәрігердің м.а. Айгул Калдыбаевна бастаған қызметкерлер мен бірге аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Профилактика бөлімі,емхана бөлімі , ДА дәрігерлері мен медбикелері толық қатысты. Семинар барысында ситуациялық тапсырмалар берілді,мәселені шешу жолдарын табуды үйренді.


Ауруханамыздағы жауапты  бөлімдердің бірі-профилактика бөлімі.

Денсаулық зор байлық. Адамзат баласы денсаулықтың қадірін коронавирустық инфекцияның таралуымен байланыстыболған пандемия кезінде аса қатты түсіне бастады. Қазір әлем елдерінде денсаулыққа , жалпы өмір сүруге байланысты дағдылар біртіндеп өзгеру үстінде. Әрине , бұған әсер етіп отырған факторлар өте көп.

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің мақсаты:

скринингтік тексеру жүргізу, алдын ала және мерзімдік тексерулерді ұйымдастыру , қауіп факторлары бар адамдардың ауруларын ерте анықтау, емдеу - сауықтыру іс - шараларын жүргізу, санитариялық-гигиеналық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Аталған бөлімнің меңгерушісі өз ісінің білікті маманы Динара Даниярова .

Профилактика және әлеуметтік –психологиялық көмек бөлімінде  психолог мамандар  және орта медперсоналдар яғни әлеуметтік қызметкерлер мен  СӨС медбикелері  қызмет атқарады.

 

 Саламатты өмір салтын қалыптастыру  құрамына зиянды әдеттерге қарсы бөлім  кіреді. Тиісінше бұл бөлімнің де мамандары халықтың саламатты өмір салтына деген көзқарасын қалыптастыру , сонымен қатар теріс әлеуметтік құбылыстардың әсерінен корғау тетіктерін қалыптастыру және өз таңдауы үшін жеке жауапкершілікті сезіну жұмыстар атқарылады .

Бұл бөлімнің құрамына  «Денсаулық мектебі» , «Қант диабеті мектебі», «Бронх демікпесі мектебі», «Артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық аурулары мектебі», «Қауіп-қатердің тәртіптік факторлары мектебі» кіреді.

Саламатты өмір салтын қалыптастыру медбикелері Гүлшат Шохатова мен Камшат Амиреева мектеп оқушыларының арасында және колледж студенттеріне ерте жүктіліктің алдын алу , психологиялық зиянды әдеттер туралы ашық сабақтар мен дөңгелек үстелдерді, бейнероликтерді жоспарға сай өткізіп отырады. . Мектеп оқушыларының арасында «Жұқпалы аурулар», «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында диктант жазылып, өз ара сараптау жұмыстарын жүргізіп отыратынында айта өткен жөн.

 

 

 Сонымен қатар профилактика бөлімі кез келген жастағы азаматтарға медициналық және психологиялық көмекте көрсетеді.
 Бөлімінің психолог дәрігерлеріне , терапевт дәрігері арқылы,

«DAMUMED»  программасымен алдын ала жазылып жолыға алады. Және үйге шақырту , баламен немесе азаматпен жеке сөйлесу амалдарында халық еркін қолдана алады. Халықпен бірлесіп жұмыс жасап жүрген психолог мамандарымыз Азамат Асқар , Бауыржан Абылайхан , Венера Сейтаева .
Психолог мамандарына жүгіну барысында  бір-бірімен сөйлесу,
қызықты семинарларға, тренингтерге, дөңгелек үстелдерге қатысу,
оларды қызықтыратын кез келген мәселелер бойынша білікті және қолжетімді кеңес алуы үшін тиімді жағдай  қарастырылған.

Сонымен қатар профилактика бөлімінде әлеуметтік қызметкерлері

 Гүлжан Сыздықбаева, Мөлдір Жасуланова, Арай  Қуатбек, Айнур  Досмаханова, мүгедек жандарға көмек көрсетеді. Олар кез келген мүмкіндігі шектеулі жандардың көптеген шешілмеген мәселелеріне белсене араласып, шешімін тауып, сол кісілермен толық қанды жұмыс жасайды. Уйге шақырту бойынша анализ алады, уақытылы дәрі дәрмегін беріп отырады.  Жалпы ахуалды өз назарларында жіті бақылап ұстап отырады.  Тек мүгедек жандар ғана емес жалғыз басты аналар ,көп балалы Отбасыларға көмек көрсетіп, топтық іс –шараларғада белсене қатысады.

Профилактика бөліміне «Отбасын жоспарлау мектебіде» кіреді . Мұнда  медбике Аякөз Абдраймова , жүкті әйелдер мен жас аналарға дәріс беріледі. Онда жүктіліктің өту кезеңі , ана мен бала , босану ережелерімен және баламен жұмыс барысын жас аналарға үйретеді. Отбасының беріктігін, ана мен әкенің міндетін жас отбасыларға жіті түсіндіреді.

Профилактика бөлімінде   «Дені сау бала мектебі» жұмыс жасайды. Медбике Алмира Аймуканова. Бес жасқа дейінгі балалардың бой салмағын , тамақтану тәртібін тексеріп, бір  айында , алты ай , бір және үш дейін сәбилердің құлағын «AccuScreen»  апаратпен тексеріп отырады. Олардың негізгі міндеттері- отбасындағы саламатты өмір салтын насихаттау,бала дамуындағы аурулар мен аурушаңдықтың алдын алу, балалардың гигиеналық тәртібін ата-анаға насихаттау.

   Ең маңызды бөлімдерінің біріне, скрининг кабинеті жатады. Себебі онкологиялық аурулардың алдын алу шаралары ең алғаш осы бөлімде анықталады. Медбикелер Асия Туралиева мен Карина Тойчибекова  екеуі емделушілердің бой салмағы мен қант мөлшерін, ВГД , холестерин және тағыда басқа скринингтік тексерулерден  өткізеді. Бұл бөліммен дәрігерге дейінгі тексеру кабинеті қашанда бірге жүреді. 540 бұйрықпен жұмыс жасайтын Жамила Юлдашева ,онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында, емделушілердің бой салмағын, бас бөлімін(мұрын , құлақ, ауыз қуысы) , дене қызуын, қан қысымын тексереді.

Аурухананың өз ішінде және әлеуметтік ортада өзіндік ойып алар орны бар  профилактика бөлімі өз ісімен қашанда көш бастап тұрады анық . Білікті мамандардан ,  тәрбиелі ұрпақ бастау алар бұл бөлімге жұмыстарыңыз алға баса берсін деген ізгі ниетімізді білдіреміз.