"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
МӘМС

МӘМС пакетінде балаларға қандай медициналық көмек көрсетіледі?

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үнемі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-бот және 1406 байланыс орталығы арқылы балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша жүздеген сұрақтар алады. Жиі қойылатын сұрақтар бойынша біздің жауаптарымыз.

 

- Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуім керек пе?

- Жоқ, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санатқа жатады, олар үшін мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді.

- Балаларға арналған стоматологиялық қызметтер МӘМС пакетіне кіреді ме және қандай қызметтерді тегін алуға болатындығын көрсете аласыз ба?

- 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек шұғыл және жоспарлы түрде тегін көрсетіледі. Медициналық сақтандырудың стоматологиялық қызметтер пакетіне мыналар кіреді:

- тісті жансыздандыру және жұлу;

- пломба салу;

- абсцесстерді ашу;

- пульпит, периодонтитті емдеу;

- гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру;

- еріндер мен тілдердің пластикасы;

- рентгенография;

- ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі (қасқырдың аузы) болған кезде.

Стоматологиялық көмек алу үшін  емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне аласыз. Бұл ретте, стоматологиялық қызмет көрсететін клиника Қордың әлеуетті жеткізушісі болуы тиіс және әлеуетті жеткізушісі тізімінде болуы маңызды.

Стоматологиялық қызметтерді жеткізушілердің тізімін қордың сайтынан көруге болады https://fms.kz/kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.

 

- Қандай жағдайларда балалар құрғақ сүт қоспаларымен тегін қамтамасыз етіледі?

Бір жасқа дейінгі балалар үшін бейімделгіш құрғақ қоспалар тіркелген жеріндегі емханаларда мынадай жағдайларда беріледі:

- емшектегі нәрестені асырап алу;

-анасында АИТВ инфекциясының немесе туберкулездің белсенді түрінің, жіті психикалық аурулардың, туа біткен және пайда болған жүрек ақауларының, жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен ілесе жүретін аурулардың, эндокриндік және аллергиялық аурулардың ауыр түрлерінің болуы;

- балада туа біткен лактаза жеткіліксіздігінің, галактоземияның, фенилкетонурияның, "үйеңкі шәрбаты" ауруының болуы»;

- ананың цитостатикалық, радиоактивті, тиреоидты, психотроптық және есірткі дәрілік препараттарды қабылдауы;

- бірнеше баланың дүниеге келуі және емшек сүтінің жетіспеушілігі;

- әйелдің күндізгі оқу нысанында оқуы;

- әйелдің стационарда емделуде болуы.

Ананың жағдайына байланысты оған тек жасанды және аралас тамақтандыру тағайындалуы мүмкін. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 09 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1/2020 бұйрығы.

-  Созылмалы аурулары бар балаларға қандай оңалту шаралары қарастырылған?

- Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер жылына екі-үш рет тұрақты медициналық оңалтудан өте алады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін емханаларда динамикалық бақылау кезінде жасалады.

Үшінші кезеңді оңалтуды пациенттің ауруына байланысты емхананың медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша емханаларда, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және үйдегі стационарларда жүргізеді.

2020 жылы балаларға арналған 58 мың оңалту іс-шаралары жүргізілді, оның жартысынан көбі созылмалы аурулар кезінде өткізілді.

- Спорттық секцияларға жазылмас бұрын ЭКГ, жүрек ультрадыбысын тегін алуға және балаға кардиологтың қорытындысын алуға бола ма?

- Әрине. Ол үшін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің/педиатрдың қабылдауына жазылу, консультация кезінде жүгіну себебін көрсету қажет. Дәрігер кардиологқа жолдама береді және ол спортқа қарсы көрсеткіштерді болдырмау үшін қажетті шараларды тағайындайды.

- Қандай жағдайларда балалар дәрігерін үйге шақыруға болады?

- 5 жасқа дейінгі балаларға денсаулық жағдайының кез келген нашарлауы кезінде учаскелік дәрігер үйде қызмет көрсетеді.

5 жастан асқан балаларға үйге шақырған кезде оның шақыру себебіне және баланың жағдайына байланысты алғашқы медициналық - санитариялық көмек маманы-дәрігер, орта медицина қызметкері көмек көрсетеді.

- Жеке клиникаларда жоспарлы егуді тегін алуға бола ма, ол үшін не істеу керек?

- ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, инфекциялық ауруларға (туберкулез, гепатит, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе, B типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекция, қызылша, қызамық және паротит (свинка) қарсы жоспарлы профилактикалық екпелер – балаларға меншік нысанына қарамастан, тіркелген жеріндегі медициналық ұйымда тегін жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация жүргізу мерзімі жасына сәйкес Ұлттық егу күнтізбесімен белгіленген.

- Балаға туа біткен жүрек аномалиясы диагнозы қойылды, оған қандай көмек қажет?

- Туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға медициналық көмек диагностикалау мен емдеудің барлық кезеңдерінде тегін көрсетіледі

 - Балабақшаға немесе мектепке ресімдеу кезінде медициналық анықтама сатып алу керек пе

- Жоқ, сатып алудың қажеті жоқ. Балабақшаға немесе мектепке қабылдау үшін медициналық анықтаманы тіркелген жері бойынша емханадан сұратуға болады. Анықтамаға баланың физиологиялық параметрлері, бар аллергиялық реакциялар, созылмалы және бұрын болған инфекциялық аурулар, алынған екпелер, профилактикалық тексерулердің және зертханалық талдаулардың нәтижелері және т. б. енгізіледі.

Бала балабақшаға түскеннен кейін картаны балабақшаның медицина қызметкері толтыруды жалғастырады.

-  Балаларға профилактикалық тексерулерді қаншалықты жиі өткізуі керек?

- Балаларды профилактикалық тексеру жыл сайын – туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерін, мектеп оқушыларын, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларын және 18 жасқа дейінгі студенттерді білім беру ұйымдарындағы көшпелі бригада тексереді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе отбасылық денсаулық орталығында жүргізіледі.

Профилактикалық қарап-тексерулердің жиілігі мен кезеңділігі Қазақстан Республикасы Министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДМС-264/2020 "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" бұйрығымен белгіленген.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры

Мавлюда Бокаева

 


Аты Жүктеу
1 Жамбыл облысының аудандық орталық аурухананың бас дәрігерлеріне
2 Медициналық сақтандыру туралы өзекті сұрақтарға жауап

 


 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңіз қандай?

 

«2021 жылы: МӘМС үшін кім, қанша төлейді?

 

Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің денсаулық сақтау саласына үлкен өзгерістер енген жыл болды себебі. 2020 жылдың 1- қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүесі толығымен іске қосылған болатын. Еліміздің әрбір азаматы мен азаматшаларына қатысты тың реформа . Сондықтан медсақтандыру дегеніміз не, оның тиімді тұстары мен біздің алатын қызметтеріміз туралы толық ақпарат беріп өтсем деймін. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі. Европаның дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

 

         МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді емес азаматтарына жарна төлейді (тізімі төменде). Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлерге, жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтар – өздері үшін жарна төлейді. Осылайша, «сен бүгін басқаларға, ертең олар саған көмектеседі» деген ортақ жауапкершілік қағидаты бойынша, көмекке мұқтаж адамдарға мұқтаждығы төмен азаматтардың есебінен қызмет көрсетіліп, қаржыны тиімді бөлуге мүмкіндік береді.Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, сіз қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз;

**Жалдамалы жұмыскер – жұмыс беруші есебінен жалақының 2% – ы мөлшерінде және жалақы қорынан 2%  мөлшерінде төлем жасайды.

**Жеке кәсіпкерлер, шаруақожалық иелері, жеке парктикамен айналысатынтұлғалар – 1,4 ең төменгі жалақының 5% – ы мөлшерінде және (ЕТЖ 2021 жылы да 42500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері бұрыңғыдай – 2975 теңге)

**Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар (жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген жалдамалы жұмыскерлері жоқ, қызмет көрсететін тұлғалар)  бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 1 АЕК   (01.01.2021 ж. 2917 теңге) республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін басқа елді мекендер  үшін ауыл тұрғындары – 0,5 АЕК 01.01.2021 ж. 1458,5 теңге.

**Дербес төлеушілер – 1 ЕТЖ-ның 10-ы мөлшерінде ең төменгі жалақы өзгермегендіктен , 2021 жылы да 2125 теңге .

-Азаматтық-құқықтық негізде шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар- табысының 2-ы мөлшерінде төлем жүргізеді ең жоғарғы төлем 8500 теңгеден аспауы тиіс (яғни 10 ЕТЖ-ның 2-ы,425000 x 2% =8500)

 

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді ең ыңғайлы тәсілмен анықтап біліңіз.

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы оң жақтағы төменгі бұрыштағы қалқымалы жасыл шеңберді басып,ЖСН енгізіңіз

- egov.kz  электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде)

- TELEGRAM – дағы Saqtandyru-bot арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін» анықтау )

- Qolday 24/7  мобильді қосымшасы арқылы  (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін» анықтау )

 

 

МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады

  • Екінші деңгейлі банктер және олардың интернет сервистері арқылы
  • kz мобильді қосымшасы арқылы
  • Қазпочта АҚ бөлімшелері арқылы
  • Төлем қабылдау терминалдары арқылы
  • Медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы төлем жасап,МӘМС жүйесінде сақтандырыла аласыз

Мемлекет Сіз үшін келесі жағдайларды төлем жасайды:

егер мына санаттардың біріне кіретін болсаңыз, автоматты түрде медициналық сақтандыру қорының қатысушысы боласыз:

1) балалар;

2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;

4) мүгедектер;

5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;

7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

10) зейнеткерлер;

11) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

12) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.

МӘМС-ті таңдау – тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи қолжетімді медицинаға жол ашады.

 

БАҚ және қоғаммен

байланыс маманы                                   Жандар Гүлбақыт Мәуленбайқыз.

 

 

 

 

 

 

 

Актуальные вопросы и ответы
Отсрочка ОСМС на 2020 год (Пресс-релиз)
Топики по платежам за ОСМС (каз.)

 

 

 

 

 

 

 

 Буклет на казахском языке