"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Қазіргі таңда, жастарға жұмысқа орналасуға, мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып жеке кәсіптерін ашуға өте көп мүмкіндіктері барын насихаттау мақсатында "Жастар ресурстық орталығы"

Қазіргі таңда, жастарға жұмысқа орналасуға, мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып жеке кәсіптерін ашуға өте көп мүмкіндіктері барын насихаттау мақсатында "Жастар ресурстық орталығы" КММ ұйымдастыруымен ауданымыздағы NEET санатындағы және пробация қызметінің есебінде тұрған жастармен психологиялық-ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесуге
1. «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Жуалы аудандық мәслихат депутаты Телеушов Мейіржан Бегасылұлы
2. Жуалы ауданы пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Бекмолдаев Бағлан Асқарұлы
3. Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ұлтарақов Нұрқанат Берікбайұлы
4. Жуалы АОА «Сенім» жастар денсаулық орталығының психологы Сейтаева Венера Серікқызы қатысып, жастармен еркін форматта кездесу өткізіп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді және де АОА сөс мед бикесі К. Амиреева мен бірлесе отырып "Жастар арасында аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу", "Зиянды әдеттердің алдын алу", " АИТВ/ЖИТС және тұмау ауруларының алдын алу" тақырыптарында түсіндірме жұмыстарынжәне " Өз өміріңді қор қылма" тақырыптарында тренинг жүргізді.