"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
ЖАС АНАЛАРМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖАС АНАЛАРМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жуалы аудандық орталық емханасында әмбебап патронаждық мейірбикелер жас аналарға балалардың балалық шақтағы ауруларды ықпалдастырып емдеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында аналарға 0 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың медициналық тексеруден толықтай өтетіні, 2 жасқа дейін омырау сүтімен тамақтандыру, балалардың күтімі, тамақтануы және өсіп дамуы туралы толықтай түсінік берді.

Балалардың салмағы, бойы өлшеніп, даму маторикасы тексеріліп, парақшалар таратылды.

Сонымен қатар ерте жастағы балаларда болатын қауіпті белгілерге тоқталып, алдын алу шараларын айтып өтті.

Егерде балаңызда:
1) сұйықтық іше алмаса немесе еме алмаса;
2) жағдайы нашарласа;
3)қызбасы түспесе
«ІШІ ӨТКЕН БАЛАНЫ»
3) нәжісінде қан пайда болса;
4) сусынды нашар ішсе
«ЖӨТЕЛГЕН БАЛАНЫ»
5) тыныс алуы қиындаса
6) тыныс алуы жиілесе;
осы белгілердің кез келгені болса, онда тез арада отбасылық дәрігерге хабар беру керек немесе жедел жәрдем көмегіне жүгіну керектігі айтылды.