"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Электронды темекі шегетіндердің саны артуда

  

Электронды темекі шегетіндердің саны артуда

Электронды темекі шегу, әсіресе, жастардың арасында күннен-күнге сәнге айналуда. Зерттеушілердің айтуынша, жасөспірімдер, көбінесе, оның тәтті дәмі мен хош иісін ұнатып, кейіннен психологиялық тәуелділіктері оянып, оны бірден тастауы қиындай түсетін көрінеді. Алайда, қызығушылықтың арты үлкен қиындықтар әкелетінін бірі білсе, бірі біле бермейді.
Электронды темекі – жүрекке, миға, өкпеге зақым келтіреді. Сондай-ақ қатерлі ісік қауіпін арттырады. Себебі оның ішінде никотин бар. Никотинсіз болған күннің өзінде келер қауіп үлкен. Дәрігерлердің айтуынша, никотинді қолданудың арты басқа да есірткілерді пайдалануға тартып тұрады. Сондықтан да ата-аналар өсіп келе жатқан балаларын салауатты өмір салтын ұстануға баулу қажет. Араласатын ортасына мән беріп, зиянды әрекетті қолданса, арты не болатынын түсіндіру керек. Қанша дегенмен тәрбие тал бесіктен басталады.
Кейбір адамдар дәстүрлі темекіге қарағанда электронды темекінің зияны жоқ деп ойлайды. Бірақ бұл қате түсінік. Екеуінің зияны бір-бірінен асып түспесе, кем түспейді.
«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» демекші, өскелең ұрпағымыздың сау, әрі қуатты болуы еліміз үшін - үлкен қуаныш. Балалардың сау туылып, халық санының көбейіп, басқа мемлекеттен озық тұруы - әрбір қазақстандықтың арманы екені сөзсіз.