"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
«Жаман әдет – жақсылықты жояды»

«Жаман әдет – жақсылықты жояды»

2023 жылдың 24 қаңтар күні «Жастар ресурстық орталығының» және "Сенім" жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен №6 А.Пушкин атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушыларымен «Жаман әдет – жақсылықты жояды» атты кездесу өткізілді.
Кездесу барысында «Жастар ресурстық орталығының» психологі Мақтабаева Назерке Әбілқасымқызы, Қарасаз ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспектор Төрен Нұртілеу Берікұлы, Жуалы аудандық орталық ауруханасының «Сенім» жастар денсаулық орталығының психологі Сейтаева Венера Сериковна, Мамедова Линара ,қатысып оқушыларға жаман әдеттен аулақ болуға шақырды. Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға керектігі туралы біліктіліктерін қалыптастыру. Балаларға күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жақсылықтар жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
«Жақсы болу-өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар. Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ. Адамның жақсы істерге, жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынас тар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйрену, жаманнан жиренуді ұстаңыздар. @densaulyk.zhambyl