"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
КТІжОҚҚЖК тапсырмасына сәйкес Жуалы аудандық орталық ауруханасы, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер мен ата-аналар жиналыстары өтуде

Профилактикалық жұмыс жастарды ақпараттандыруға және тәрбиелеуге, олардың қауіпсіз мінез-құлқы мен қажетті өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
КТІжОҚҚЖК тапсырмасына сәйкес Жуалы аудандық орталық ауруханасы, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер мен ата-аналар жиналыстары өтуде.
Ақпараттық науқан шеңберінде мамандар (акушер-гинеколог, уролог, психолог) консультациялар, психологиялық консультациялар және семинар-тренингтер өткізу арқылы репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастардың хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударту үшін 2023 жылдың 7 сәуір күні Нұрлыкент ауылдық округінде орналасқан №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінде «Бала өмірінің қауіпсіздігі мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыптары аясында ата – аналарға профилактикалық кеңестер берілді.
Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының Сенім жастар денсаулық орталығының психологы Сейтаева Венера Серікқызы, Нарколог психиатр дәрігері Бердіхожаева Зоя Серикбаевна, "Жастар ресурстық орталығы" КММ инспектор – психологы Мақтабаева Назерке Әбілқасымқызы және ата-аналар қатысты.
Сөз кезегін алған «Бала өмірінің қауіпсіздігі мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыптарында ата-аналарға, оқушыларға ақпараттар мен кеңестер берді.
Жиын соңынан жиынға қатысушылар мен ата-аналармен өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.