"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Тәрбие - отбасынан басталады

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссисының тапсырмасына сәйкес, Жуалы аудандық орталық ауруханасы, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер арасында жиналыстар өткізілуде.
Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Нұрлыкент ауылдық округінде орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектебінде ұлдар арасында «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты тақырыбында іс – шара өткізілді. Шараға нарколог психиатр дәрігері Бердіхожаева Зоя Серикбаевна, "Жастар ресурстық орталығы" КММ инспектор - психологы Мақтабаева Назерке Әбілқасымқызы мен мектеп оқушылары қатысты."Сенім” ЖДО мед бикесі А.Туралиева тақырыпқа сәйкес ақпараттық оқыту құралдарын таратты. 

#ЖуалыАОА 

#ЖуалыЦРБ

@densaulyk.zhambyl