"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
11 сәуір күні Қызыларық ауылдық округінде орналасқан Ақтөбе тірек мектебінде ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыбы аясында іс – шара өткізілді

ҰЛ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ БАҒДАРЫ!

«Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, көшінің ең соңы болады» деп Қазыбек би айтқандай, қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді.

Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 11 сәуір күні Қызыларық ауылдық округінде орналасқан Ақтөбе тірек мектебінде ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыбы аясында іс – шара өткізілді. Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының уролог хирург дәрігері Сарыбаев Дамир, "Сеним" Жастар денсаулық орталығы ның әлеуметтік кызметкері Юлдашева Клара мен мектеп оқушылары қатысты.

Жуалы аудандық орталық ауруханасының уролог хирург дәрігері, баяндамасын жасай отырып өзінің сөз кезегінде, оқушыларға Дені сау ұрпақ - ұлт болашағының жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға ақпараттар мен кеңестер берді.