"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Ауыл тұрғынының бағдары: МӘМС аясында медициналық көмекті қалай алуға болады?

Жамбыл облысы бойынша ауылдық елді мекендерде халықтың 56,7% тұрады. Олардың бір бөлігі ресми жұмыс істеп, МӘМС-ке жалақыдан аударымдар мен жарналар төлейді. Кейбір азаматтар дербес төлеуші ретінде (айына 3500 теңгеден төлеп) сақтандырылған. Біреуге БЖТ қолайлы және ол жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы төлемдерін және МӘМС жарналарын қоса алғанда, ай сайын небәрі 1 725 теңге (0,5 АЕК) төлейді.
Барлық сақтандырылған азаматтар төлеген жарна мөлшеріне қарамастан МӘМС тізіміне кіретін медициналық көмектің қажетті көлеміне алуға құқылы.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша директоры Ляззат Алимова ауруды диагностикалау, дәрігер кеңесі немесе қымбат операция қажет болса ауыл тұрғындары қайда жүгіну керектігін айтып берді.
Келесі байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш қалдырып, «сақтандырылған» мәртебесін тексеруге болады:
• fms.kz ресми сайты,
• 1406 байланыс орталығы,
• Qoldau 24/7мобильді қосымшасы
• Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Сондай-ақ, ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтында "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну" мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы білуге болады.
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша
филиалы