"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
«Қыз бала тәрбиесі - халықтың байлығы»

«Қыз бала тәрбиесі - халықтың байлығы»

Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана және қоғам. Сол себепті қыз баласы қашан болмасын тап-таза киініп, шашын таранып, жинақы жүруі керек. Ұлтымыз қазақ деп ұрандағанда, сол ұлттық ұранымыздың ішінде тілі, діні, салт-дәстүрі мен тарихы бірінші ойымызға келеді. Міне, қазақ ұлтын қорғаушы да, қолдаушы да біздің ұл-қыздарымыз. Сондықтан да баланы отбасындағы бесіктен бастап дұрыс тәрбие беріп, түзу жолмен жүргізейік. Уақыт қанша өзгерсе де, қалыптасқан қанымызда бар ибалылық өзгермесін!

Жасөспірім қыздар арасында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!» тақырыбында Жуалы аудандық орталық ауруханасы, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер мен ата-аналар жиналыстары өтуде.

Ұрпағымызды саналы, салауатты, рухы биік етіп тәрбиелеу үшін, ата-ана мен бала және оқушылар арасындағы тығыз байланысты орнату мақсатында ұйымдастырылған жиналыстар ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Шақпақата ауылдық округінде орналасқан Ынтымақ негізгі мектебінде қыздар арасында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!» тақырыбы аясында семинар мен сергіту сәті өткізілді.

Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының Сенім жастар денсаулық орталығының психологы Сейтаева Венера Серікқызы, Акушер гинеколог дәрігері Махмудова Жумагул Камаловна, мектеп психологтары және мектеп оқушылары қатысты.

Бекітілген жоспар аясында, Жуалы аудандық орталық ауруханасының Сенім жастар денсаулық орталығының психологы, акушер гинеколог дәрігері баяндамаларын жасады.

Сөз кезегін алған қатысушылар «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!» тақырыптарында оқушыларға ақпараттар мен кеңестер берді.