"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда бүгінгі ұйымдастырылған сенбілік аудан тынысының кеңеюіне үлесін қосуда. Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б. Усенбаев Күреңбел ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының ауласына ауыл әкімімен бірлесе ағаш екті.


Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде,Жуалы аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері аурухана маңайын, Б Момышұлы-Қощқарата автомобиль жолынын жиегін тазарту, тал бұтау жұмыстары жүргізілді.

Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді.

Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.