"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
2023 жылғы сәуірдің 23-і мен 29-ы аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аумақтық бюросының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында, соның ішінде Жуалы ауданында да Еуропалық иммундау апталығы өтуде. Еуропалық иммундау апталығына Жу
2023 жылғы сәуірдің 23-і мен 29-ы аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аумақтық бюросының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында, соның ішінде Жуалы ауданында да Еуропалық иммундау апталығы өтуде. Еуропалық иммундау апталығына Жуалы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері де «Біз вакцинацияны қолдаймыз!» ұранымен белсене ат салысуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған іс шараны 2006 жылдан бастап жүргізіп келуде. Еуропалық иммундау апталығының негізгі мақсаты – әр бір азаматқа вакциналардың тиімділігі және қауіпсіздігі туралы хабардар ету мен иммундауға сұранысты көбейту болып табылады. Бүгінгі таңда аурулардың алдын алу жолындағы денсаулық сақтау саласының негізгі бағыты – вакцинация. Аталған іс шараға орай Жамбыл облысы медициналық ұйымдары арасында «Біз вакцинацияны қолдаймыз!» ұранымен ұйымдастырылып отырған ЧЕЛЛЕНДЖДІ Жамбыл аудандық орталық ауруханасынан қабылдап, Қордай аудандық орталық ауруханасына жолдаймыз!!!#ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ