"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Қол гигиенасы - бұл қоздырғыштардың таралуын азайту және инфекциялардың, соның ішінде COVID-19 вирусының алдын-алу үшін қолдануға болатын ең тиімді әрекеттердің бірі.

Қол гигиенасы - бұл қоздырғыштардың таралуын азайту және инфекциялардың, соның ішінде COVID-19 вирусының алдын-алу үшін қолдануға болатын ең тиімді әрекеттердің бірі .

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, сондай-ақ Әлемнің барлық мемлекеттерінде Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне орай 5 мамырда «Өмірді құтқарыңыз: қолыңызды жуыңыз» ұранымен іс-шаралар атап өтілуде.

Мұндай іс-шаралар Жуалы аудандық орталық ауруханасында да аталып өтті. Медицина қызметкерлеріне «Таза қолдар – денсаулық кепілі» ұранымен аурухана эпидемиологтары Е.М.Амирова және С.Б.Мамыралиев тренинг сабақтар ұйымдастырды.

Бұл күн инфекцияның алдын алуда, қолды үнемі және жиі жууда қандай рөл атқара алатындығын атап көрсетеді және бүкіл әлемдегі адамдарды осы тиімді, бірақ қарапайым және арзан профилактикалық құралды ұстануды күшейтуге жұмылдырады. ҚОЛ ГИГИЕНАСЫНЫҢ 5 СӘТІ

Науқаспен байланысқа түсерден бұрын

Науқастың айналасындағы сыртқы орта объектілерімен байланысқа түскеннен кейін

Бөлімшеге кірерде және шығарда

Биологиялық сұйықтықтармен жанасу жағдайынан кейін

Таза/асептикалық процедурадан бұрын

«EN-1500» Еуропалық стандартына сәйкес қолды өңдеу
*Әр қозғалыс кемінде 5 рет қайталанады. Қолды өңдеу 30 секунд -1 минут бойы асырылады.