"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Профилактикалық жұмыс жастарды ақпараттандыруға және тәрбиелеуге қажетті өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Жуалы аудандық орталық ауруханасы бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер жиналыстар өтуде.

Денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастардың хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударту үшін 2023 жылдың 28 сәуір күні Б.Момышұлы ауылында орналасқан №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп гимназиясы, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясы, №29 М.Жұмабаев атындағы орта мектебі, №15 Ә.Бөкейханов атындағы мектеп лицейінде ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыптары аясында жоғарғы сынып оқушыларына профилактикалық кеңестер берілді.

Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының Уролог хирург дәрігері Сарыбаев Дамир Мұратұлы, СӨС МЕД БИКЕСІ Мамедова Линара және оқушылар қатысты.
Іс шара соңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ нің инспектор психологы оқушыларға арнап сергіту жаттығуын ұйымдастырды.

Жиын соңынан жиынға қатысушылар мен ата-аналармен өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздері.