"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
«1 маусым - Балаларды қорғау күні»

Бүгін «1 маусым - Балаларды қорғау күніне» орай, Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Б.Усенбаев және кәсіптік одағы төрағасы Н.Ж.Утепов ұйымдастыруымен Жуалы аудандық орталық емханасына келіп, жоспарлы екпе алған бүлдіршіндерге аурухана тарапынан сыйлықтар табысталды.

1 маусым күні 2 ұл бала және 1 қыз бала аудандық перзентханада дүние есігін ашты. Туылған нәрестелердің аналарына дәрігерлер жылы лебіздерін білдіріп, арнайы сыйлық табыстады.

Аспанымыз ашық болып, бүлдіршіндеріміздің балалық шағы шаттыққа, қуанышқа толы болсын. 

#ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ @densaulyk.zhambyl