"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Ақ халатты абзал жандар!

Құрметті медицина саласының қызметкерлері!
Ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір мемлекеттің басты байлығы – ол оның азаматтары болса, әрбір адам баласы үшін байлық та, бақыт та – денсаулық. Олай болса, медицина қызметкерлерінің кез-келген қоғамда алар орны қашанда ерекше. Әрбір азаматтың денінің сау болуы - Сіздердің ерік-жігерлеріңіздің, білімдеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі.
Сіздерді Кәсіби мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, отбасында береке-бірлік, бақыт тілеймін! Халқымыздың денсаулығы мықты болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, ақ халатты абзал жандар!
Құрметпен,
Жуалы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Усенбаев Батырбек Балтабайұлы