"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
АСА ҚАУІПТІ АУРУЛАР ТУРАЛЫ ЛЕКЦИЯ-СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

?АСА ҚАУІПТІ АУРУЛАР ТУРАЛЫ ЛЕКЦИЯ-СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.
Облысымызда шығып жатқан Аса қауіпті инфекциялық (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, Күйдіргі (Сібір жарасы) және қызылша) ауруларының алдын алу бойынша 01.07.2023 жылы Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Сауранбаев Еркентай Аштаевич, Жамбыл облыстық Аса қауіпті инфекциялық аурулардың және туберкулезды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Рахимов Күмісбек Рахимович, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Шымырбаев Талғат Жанатұлы және Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының эпидемиолог дәрігері Кенесбаев Бекболат Асқарұлы Жуалы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне семинар сабақ өткізді. Білікті дәрігерлер аса қауіпті аурулардың этиологиясына, эпидемиологиясына, берілу жолдарына, мерзімділігіне, патогенезіне, патологиясына, клиникасына, жіктелуіне, асқынуларына, диагностикасына, еміне, алдын алуына тоқталып, дәрігерлерге консультативтік кеңес берді.Семинар соңында медицина қызметкерлерін аттестациядан өткізіп, дәрігерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. #ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ @densaulyk.zhambyl