"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Есірткінің зияны, темекішегушіліктің, маскұнемдіктің алдын алу

Жуалы ауданы тұрғындары арасында 2023 жылдың 29 қыркүйек күні Жуалы аудандық орталық ауруханасында профилактика бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен төмендегідей іс – шаралар атқарылды:
1. Аудандық орталық емханасының психиатр-нарколог дәрігері З.Бердіхожаева «Есірткінің зияны, темекішегушіліктің, маскұнемдіктің алдын алу» тақырыптарында баяндама оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

2. Аудандық орталық ауруханасының профилактика бөлімінің «Сенім» жастар денсаулық орталығының тренинг залында арнайы маман дәрігерлерді тарта отырып, тұрғындар арасында «Ашық есік» дәрігелік қабылдауы ұйымдастырылып өткізілді. «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауында пациенттерді қабылдаған дәрігерлер: Кардиолог дәрігері – Ә.Тұрыс , жалпы тәжірибелі дәрігер – А.Исабек, уролог дәрігер - Д.Сарыбаев,психолог – Грекова Л.,әлеуметтік қызметкер – Шохатова Қамтылған адам саны – 16
3. Аудандық орталық ауруханасының профилактика бөлімінің «Сенім» жастар денсаулық орталығының тренинг залында психолог В.Сейтаева тұрғындар арасында психологиялық көңіл күйлерін көтеру мақсатында «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек!» тренингін өткізді. Тренинг барысында "Әуенді терапия", «Қоғамда мен тұлғамын», «Қаламсап» , «Жүректен жүрекке» психологиялық сергіту сәттері жүргізіліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Тренинг соңында қатысушылар алғыстарын білдірді. Тренинг соңында психолог В.Сейтаева қатысушыларға қатысқандарына алғыс ретінде тәтті таратты.

4. Іс шара соңында аудандық орталық ауруханасының профилактика бөлімінің «Сенім» жастар денсаулық орталығының мед бикесі – А.Туралиева «Дұрыс тамақтан білеміз бе?» тақырыбында баяндама жасады.