"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Болашақ аналарға айтылар кеңес:

- Бала тууға ыңғайлы уақыт - 20-35 жас аралығы. Егер де осы жас аралығынан ерте немесе кеш жүктілік болса, ол ана мен бала денсаулығына қауіп төну жағдайын жоғарылатады.

- Босану арасындағы интервал 2-2,5 жылдан кем болмауы тиіс, бұл әйелге келесі жүктілікке күш жинауға, өзінің және болашақ баланың денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

- Жасанды түсік - бұл туу интервалын реттейтін тиімді әдіс болып саналмайды, контрацепция әдістерін қолдана отырып жоспарланбаған жүктіліктің алдын алуға болады.

- Контрацепция үйлесімді, әрі қауіпсіз жыныстық қатынаста болуға және эмоциональдық қобалжудан сақтайды.

- Жүктілікті болдырмаудың амал тәсілін, яғни контрацепцияның өзіңізге тиімді әдістерін дәрігеріңізбен кеңесіп, пайдаланыңыз.

- Егер де жоспарланбаған жүктілік болған жағдайда, жасанды түсік жасағыңыз келсе, тез арада дәрігерге айтқан жөн, себебі бұл асқыну қаупін төмендетеді.

- Босанғаннан соң және жасанды түсіктен кейін бірінші менструальдық етеккір алдында жүкті болу қаупі бар, сондықтан жыныстық қатынас қалпына түскенге дейін сенімді контрацепциялық әдістерді пайдалану қажет.

- Жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы аурулар еркек пен әйелді бедеулікке әкеп соқтырады. Тек мүшеқап (презерватив) жұқпалы аурулар мен жоспарланбаған жүктіліктен сақтайды.

- Жыныстық тәрбие және сексуальдық білім балалар мен жасөспірімдерге денсаулығын сақтауға, болашақ жанұялық өмірге дайындауға және жауапкершілікке үйретеді.