"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі", "Қыздың абыройы, елдің абыройы"осы бір нақыл сөзде қаншама мағана бар десеңші

Ия, ертеде ата-бабаларымыз әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуына үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған және еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.

«Қыздың абыройы, елдің абыройы » деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлген.Бүгінгі таңда заман өзгеріп, өркениетке қадам бассақ та, ұлттық қасиетімізді жоғалтпаған қыздарымызда көп. Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралады емес пе?! Ал бүгінгі қыз ертең сүйікті жар, аяулы ана екенін естен шығармағанымыз абзал.Қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру,қыз балаларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беріп, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратып түсіндіру бүкіл қоғамның міндеті. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азаматша болып өсуіне ықпал жасауымыз керек. Осы тұрғыда Жуалы аудандық орталық ауруханасының акушер гинеколог дәрігері – Ғазиза Егізбаева, салауатты өмір салтын қалыптастыру мед бикесі – Камшат Амиреева, «Сенім» жастар денсаулық орталығының психологі – Венера Сейтаева, АОА психологі Л.Грекова және №2 Мыңбұлақ орта мектебінің ұжымы келісе отырып, мектептің акті залында 8-9 сыныптарының қыз балалар арасында «Қыз баланың жеке бас гигиенасы», «Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу», «Жат қылықтардың қыздар тағдырына әсері», «Дұрыс тамақтана білеміз бе ?» тақырыптарында қыздар жиналысы өткізілді. Арнайы мамандар баяндамаларын оқып, қыз балалардың денсаулыққа қатысты сұрақтарына жауап беріп, ойларымен бөлісті.

Қорыта айтқанда, «Қыз бала бір әулеттің айнасы» немесе «Бүгінгі қыз бала – ертеңгі болашақ ана » деп қазақ халқы