"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Аудандық орталық ауруханада Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының
басшысы Айтақов Жарылқасын бастаған жұмысшы топ еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер үшін арнаулы әлеуметтік төлемді түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы А.Ұ.Оразбеков, орынбасары М.А. Дилдабекова «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының заңгері Э.С.Пашанова, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.