"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жүктілік кезіндегі «сақтандырылған » мәртебесінің бірқатар артықшылығы бар

ҚАРЖЫЛАЙ ҚОРҒАУ
Бұл мәртебе жүкті әйелдердің қаржылық салмақ туралы алаңдамай барлық жоспарлы медициналық көмекті алуға мүмкіндік береді. Босану және соған қатысты медициналық қызметтер қымбат болуы мүмкін. МӘМС қаржылай тәуекелдерді азайтып, сапалы медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЕРТЕРЕК ЖҮГІНУ
Сақтандыру жүкті әйелдерді жүктіліктің ерте кезеңінде медициналық көмекке жүгінуге жетелейді, кез келген ықтимал проблемаларды немесе асқынуларды дер кезінде анықтап, емдеуге мүмкіндік береді, ал ол ана мен сәби денсаулығын сақтауға ықпал етеді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ КЕҢКӨЛЕМДІ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК
Сақтандырылған жүкті әйелдер пренатальді қарану, ультрадыбыстық зерттеулер, зертханалық талдаулар, мамандардың кеңестері және егер қажет жағдайда қосымша процедуралар секілді медициналық қызметтердің алуан түріне қол жеткізе алады.
БОСАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚОЛДАУ
Сақтандыру сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті және босану кезінде қолдауды, соның ішінде акушер немесе дәрігердің қызметін, дәрі-дәрмектер мен шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз етеді.
БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ КӨМЕК
Сақтандырылған жүкті әйелдерде босанудан кейінгі медициналық көмекке және өз денсаулығы мен баланың саулығын қамтамасыз ету үшін қолдауға қолжетімділік бар.
 Өзіңізді медициналық және қаржылай қорғаумен қамтамасыз етіңіз, МӘМС-те мәртебеге ие болыңыз.