"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Әкімдігі денсаулық сақтмасыныңау басқар басшысы Жанар Оспанованың бұйрығымен медициналық стационарлық қызметтің сапасын арттыру, оның жұмысын жақсарту мақсатында облыстық көпбейінді ауруханасының білікті хирург дәрігерлері хирургиялық заманауи тәсілдерді

Жуалы аудандық орталық ауруханасында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың бұйрығымен медициналық стационарлық қызметтің сапасын арттыру, оның жұмысын жақсарту мақсатында облыстық көпбейінді ауруханасының білікті хирург дәрігерлері хирургиялық заманауи тәсілдерді қолдана отырып, видеоэндоскопиялық әдіспен жасалатын шеберлік сыныбын (лапроскопиялық аппендэктомия және оң жақта сүт безінің сектальды резекциясы) өткізді.
Оны облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, облыстың бас хирург дәрігері Жандос Сейдахметов және хирург дәрігер Нурланбек Жаймбаев жасады.

34 және 40 жастағы екі пациентке лапароскопиялық аппендэктомия және оң жақта сүт безінің сектальды резекциясы оталар жасалынды.

Облыстан келген білікті мамандардың қатысуымен жасалған шеберлік сыныбы аясындағы ота сәтті өтті.