"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Қабылдау бөлімі

Сансызбай Нұрәлі Талапұлы -Қабылдау бөлімінің меңгерушісі. Бірінші санатты дәрігер. Қарағанды Мемлекеттік Медицина университеті. Еңбек өтілі 5 жыл.

Жуалы аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімі – шұғыл және жоспарлы түрде медициналық көмекке жүгінген науқастарды қабылдауға, олардың жағдайын бастапқы бағалауға және қажетті медициналық көмекті ұйымдастыруға арналған бөлімше.

Қабылдау бөлімінің негізгі міндеттері:

  • Науқастарды қабылдау және тіркеу;

  • Науқастың жалпы жағдайын бағалау, бастапқы тексеру жүргізу;

  • Шұғыл медициналық көмек көрсету;

  • Қажет болған жағдайда зертханалық және аспаптық тексерулер ұйымдастыру;

  • Науқастарды тиісті бөлімшелерге жатқызу немесе әрі қарай емделуге бағыттау;

  • Науқастардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қабылдау бөлімінің медицина қызметкерлері әрбір науқасқа уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге, науқастардың қауіпсіздігін сақтауға және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды атқарады.