"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Профилактика бөлімі

Ауруханамыздағы жауапты  бөлімдердің бірі-профилактика бөлімі.

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің мақсаты:

скринингтік тексеру жүргізу, алдын ала және мерзімдік тексерулерді ұйымдастыру , қауіп факторлары бар адамдардың ауруларын ерте анықтау, емдеу - сауықтыру іс - шараларын жүргізу, санитариялық-гигиеналық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Аталған бөлімнің меңгерушісі өз ісінің білікті маманы Даниярова Динара Есентаевна .

Профилактика және әлеуметтік –психологиялық көмек бөлімінде  психолог мамандар және орта медперсоналдар яғни әлеуметтік қызметкерлер мен  СӨС медбикелері қызмет атқарады.

Бұл бөлімнің құрамына  «Денсаулық мектебі» , «Қант диабеті мектебі», «Бронх демікпесі мектебі», «Артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық аурулары мектебі», «Қауіп-қатердің тәртіптік факторлары мектебі» кіреді.

Саламатты өмір салтын қалыптастыру медбикелері Асия Туралиева мен Камшат Амиреева мектеп оқушыларының арасында және колледж студенттеріне ерте жүктіліктің алдын алу , психологиялық зиянды әдеттер туралы ашық сабақтар мен дөңгелек үстелдерді, бейнероликтерді жоспарға сай өткізіп отырады. . Мектеп оқушыларының арасында «Жұқпалы аурулар», «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында диктант жазылып, өз ара сараптау жұмыстарын жүргізіп отыратынында айта өткен жөн.

Сонымен қатар профилактика бөлімі кез келген жастағы азаматтарға медициналық және психологиялық көмекте көрсетеді.
Бөлімінің психолог дәрігерлеріне , терапевт дәрігері арқылы,

«DAMUMED»  программасымен алдын ала жазылып жолыға алады. Және үйге шақырту , баламен немесе азаматпен жеке сөйлесу амалдарында халық еркін қолдана алады. Халықпен бірлесіп жұмыс жасап жүрген психолог мамандарымызЖанат Шалаева , Бауыржан Абылайхан , Венера Сейтаева .
Психолог мамандарына жүгіну барысында  бір-бірімен сөйлесу,
қызықты семинарларға, тренингтерге, дөңгелек үстелдерге қатысу,
оларды қызықтыратын кез келген мәселелер бойынша білікті және қолжетімді кеңес алуы үшін тиімді жағдай  қарастырылған.

Сонымен қатар профилактика бөлімінде әлеуметтік қызметкерлері

Гүлжан Сыздықбаева, Мөлдір Жасуланова, Клара Юлдашева , Айнур  Досмаханова, Хамисат Садулаева  мүгедек жандарға көмек көрсетеді. Олар кез келген мүмкіндігі шектеулі жандардың көптеген шешілмеген мәселелеріне белсене араласып, шешімін тауып, сол кісілермен толық қанды жұмыс жасайды. Уйге шақырту бойынша анализ алады, уақытылы дәрі дәрмегін беріп отырады.  Жалпы ахуалды өз назарларында жіті бақылап ұстап отырады.  Тек мүгедек жандар ғана емес жалғыз басты аналар ,көп балалы Отбасыларға көмек көрсетіп, топтық іс –шараларғада белсене қатысады.

Профилактика бөліміне «Отбасын жоспарлау мектебіде» кіреді . Мұнда  медбике Назира Кадырова , жүкті әйелдер мен жас аналарға дәріс беріледі. Онда жүктіліктің өту кезеңі , ана мен бала , босану ережелерімен және баламен жұмыс барысын жас аналарға үйретеді. Отбасының беріктігін, ана мен әкенің міндетін жас отбасыларға жіті түсіндіреді.

Профилактика бөлімінде   «Дені сау бала мектебі» жұмыс жасайды. Медбике Алмира Аймуканова. Бес жасқа дейінгі балалардың бой салмағын , тамақтану тәртібін тексеріп, бір  айында , алты ай , бір және үш дейін сәбилердің құлағын «AccuScreen»  апаратпен тексеріп отырады. Олардың негізгі міндеттері- отбасындағы саламатты өмір салтын насихаттау,бала дамуындағы аурулар мен аурушаңдықтың алдын алу, балалардың гигиеналық тәртібін ата-анаға насихаттау.

Ең маңызды бөлімдерінің біріне, скрининг кабинеті жатады. Себебі онкологиялық аурулардың алдын алу шаралары ең алғаш осы бөлімде анықталады. Медбикелер Линара Мамедова мен Карина Тойчибекова  екеуі емделушілердің бой салмағы мен қант мөлшерін, ВГД , холестерин және тағыда басқа скринингтік тексерулерден  өткізеді. Бұл бөліммен дәрігерге дейінгі тексеру кабинеті қашанда бірге жүреді. 540 бұйрықпен жұмыс жасайтын Айдана Асибекова, онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында, емделушілердің бой салмағын, бас бөлімін(мұрын , құлақ, ауыз қуысы) , дене қызуын, қан қысымын тексереді.