"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесі кәсіпорынның бас дәрігері (1 бірлік) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

КӘСІПОРЫННЫҢ АТАУЫ:

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ:

Жуалы ауданының халқына медициналық көмек көрсету, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын ұйымдастыру.

ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ:

Пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, № 1 үй.

Байланыс телефоны: 8 (72635) 2-21-49, ұялы телефон: 8 (775) 873-95-95.

Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

• Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйымның мүлкін сақтауға және тиімді пайдалануға, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

• Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын және оларды іске асыру тетіктерін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ қолданыстағы жұмыс әдістерін жетілдіруге бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді қамтамасыз етеді.

• Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың қызметін көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы, сондай-ақ өз тарапынан да, өзіне бағынысты тұлғалар тарапынан да сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.

• Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке деген ынтасын, бастамашылдығы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

• Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, халықтың денсаулығына теріс әсер ететін басым факторларды айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөнінде шаралар қабылдайды.

• Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық қағидалар мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің сақталуын, сондай-ақ зертханалық бақылауды ұйымдастырады.

• Ұйым қызметінде медициналық этика талаптары мен заңдылықтың сақталуын, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерін қамтамасыз етеді.

• Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасады және мәмілелер жасайды. Өз құзыреті шегінде ұйымның барлық қызметкерлері орындауға міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

• Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және соттарда ұйымның мүддесін білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалану талаптарының, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның есептілігін уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ БІЛУГЕ ТИІС:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын; қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін; ұйым қызметін басқару мен талдаудың экономикалық әдістерін; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын; денсаулық сақтау саласындағы адам ресурстарын басқарудың озық тәжірибелерін; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштерді; отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері мен денсаулық сақтауды басқарудың озық халықаралық тәжірибесін; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын; төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыруды.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

• «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімінің болуы және «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттау курсынан өткені туралы куәлігінің және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлігінің (сертификатының) болуы;

• не болмаса «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімінің, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

• не болмаса «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білімінің және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

• денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы;

• денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін: тиісті бейін бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санатындағы дәрігердің біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының болуы.

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Конкурс денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес өткізіледі.

Конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми бұқаралық ақпарат құралдарында не денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның, тиісті саланың (жергілікті атқарушы органның) уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қабылданады.

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕКЕНЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, 080300 индексі, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, № 1 үй.

Байланыс телефоны: 8 (72635) 2-21-49, ұялы телефон: 8 (775) 873-95-95.

Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕР ТӨМЕНДЕГІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНАДЫ:

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.

2. Еркін нысанда жасалған өмірбаян.

3. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері.

4. Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе еңбек шарты, жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер не еңбек өтілін растайтын басқа да құжаттар.

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен алынған соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, еңбек өтіліне және кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарын, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан берілген ұсынымдарды) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды хабарландыруда көрсетілген кәсіпорынның электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау аяқталатын күннен кешіктірмей электрондық түрде ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылуы тиіс. Түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда кандидат әңгімелесуге жіберілмейді.

КОНКУРС ӨТКІЗУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ:

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

КОНКУРС ӨТКІЗІЛЕТІН ОРЫН:

Қазақстан Республикасы, 080300 индексі, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, № 1 үй.

Байланыс телефоны: 8 (72635) 2-21-49.

Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді кәсіпорынның Байқау кеңесі өткізеді.

Әңгімелесу екі кезеңнен тұрады:

1) кәсіпорынды дамыту жөніндегі презентация;

2) кандидаттың құзыреттерін бағалау.

Кәсіпорынды дамыту жөніндегі презентация барысында кандидат кәсіпорынның негізгі проблемаларына талдау жасап, оларды шешу бойынша өз ұсыныстарын ұсынады. Құзыреттерді бағалау кезінде кандидаттың негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу шаралары бойынша білім деңгейі айқындалады.