ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ міндетіне медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін айқындау жатады.
Осыған байланысты, егер Сіз:
- медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
- медицина қызметкерлері тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерлерінің ақшаны талап ету фактілерімен кездессеңіз;
- сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ жолығуыңызды өтінеміз.
Cіз өзіңіздің шағымдарыңызды аты-жөніңізді және мекенжайыңызды көрсетіп біздің аурухананың қабылдау бөлімдерінде,клиникалық бөлімшелерде орналасқан өтініштер мен шағымдарға арналған жәшікке қалдырсаңыз болады.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ Сіздің шағымыңызды қарап, оның нәтижесі бойынша Сізге ақпаратты ұсынады.
Сіз мына телефондар бойынша: Бас дәрігер Б.Алпысбай – 8/72635/2-21-49,87715020302; сенімтелефоны - 8(72635) 2-24-27 ; Бас дәрігердің медициналық қызметтің сапасын бақылау және ішкі аудит қызметі жөніндегі орынбасары А.Д.Байториевке 87753216927 хабарласа аласыз. Сонымен қатар облыс деңгейінде «Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыс бойыншадепартаменті» :8/7262/ 45-37-69, және Жамбыл облыстық аймақтық Сall-орталығының тел.: 555-160.