"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Нашақорлық қоғам дерті

2025 жылдың 31 қаңтар күні аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында "Нашақорлық қоғам дерті" және "Ғасыр дертінен сақтанайық" атты тақырыпта ЖИТС/АИТВ алдын алу мақсатында ПҚ-нің есебінде тұрған азаматтармен кездесу өткізілді.Шараның мақсаты: азаматтарды қоғамға бейімдеу және қоғам дертінің ағымның алдын алу. Кездесуге нарколог-психиатр З.Бердіходжаева, психолог-маман В.Сейтаева және ауданның теолог маманы Р.Абделиев қатысты.
Іс-шара барысында В.Сейтаева азаматтар арасында "Өзгеден табылмайтын өз мінезім"атты психологиялық сергіту сәтін өткізді. Аймақтық психологтар Л. Грекова және А. Садебай әлеуметтік - психологиялық көмек көрсету бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. "Сенім" жастар денсаулық кабинетінің мед бикесі Г.Шохатова тақырыптарға сәйкес ақпараттық оқыту құралдарын таратты.