Егер адам басқа ЖСН - ға жарна төлесе, дұрыс емес күнді көрсетсе немесе деректерді қате толтырса, ақшаны қайтаруға немесе басқа кезеңдерге қайта бөлуге бола ма?
Еске саламыз, МӘМС төлемдерін басқа кезеңдерге қайта бөлуге болмайды, бірақ оларды қайтаруға болады.
Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - ға өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды қоса беру қажет.
Өтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды.
Ақша төлем жасалған тәсілмен қайтарылады.
Мемлекеттік корпорация мынандай себептер бойынша ақшаны қайтарудан бас тартуы мүмкін:
1. Өтініште банктің деректемелері дұрыс көрсетілмеген жағдайда;
2. Өтініш ҚР ДСМ 2017 жылғы 30 маусымдағы №478 бұйрығына 1 - қосымша нысаны бойынша жазылмаған жағдайда;
3. Өтініш қайтарудың дұрыс емес себебін көрсеткен жағдайда;
4. Өтінішке құжаттардың толық емес пакеті қоса берілген жағдайда;
5. Егер ақшаны қайтаруға негіз болмаса;
6. Егер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен растау болмаса (қайтару тоқтатылған немесе жойылған ЖК - ге ресімделеді, ал АЖ - дан ЖК - нің қолданыста екендігі туралы деректер келеді);
7. Қайтаруды ҚР аумағында уақытша болатын шетелдік азамат (немесе шетелдіктің отбасы мүшесі) рәсімдейді.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/1012-zhsn-ateleri.html#sigFreeId1eb784a070