Еліміздің болашағы жас ұрпақ екенін ескерсек
Еліміздің болашағы жас ұрпақ екенін ескерсек, сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең , білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын зиянды әрекеттерден аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарымызды тәрбиелеу. Балаларымыз болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Оқулықтағы оқу материалын толықтырып, алған білімінің нәтижесінде балаларымыз өздерін-өзі бақылай, тежей алатындай, балалрымызды зиянды әдеттерден сақтандыруда гумандық көзқарас қалыптасатындай халге жеткізу керек.
Қалай болғанда да ел, ұлт қамы үшін әр адамның саулығын жақсартуға, салауатты өмір салтын орнатуға бәрімізде атсалысуымыз керек. Халқымыз қашаннан-ақ денсаулықты алдыңғы орынға шығарып, «бірінші байлық» деп есептеген. «Дені саудың-жаны сау» — дейді халық даналығы. Еліміздің жарқын келешегі бәрімізге керек, оның ойдағыдай болуы қоғам мүшелерінің сайдың тасындай өмір сүріп, еңбек етуге әбден байланысты.
15 ақпан – Халықаралық балаларды қатерлі ісіктен қорғау күніне орай Жуалы аудандық орталық ауруханасында «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауы ұйымдастырылып өткізілді. «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауымызды бастамас бұрын балаларымыздың әрбір ата ана және қоғам үшін құнды әрі қымбат !!!
1. Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Ахметова Асел Шарафудиновна ашылу сөзі берілді
2. Мерекелік көңіл-күй мен оптимистік көзқарас қалыптастыру мақсатында балаларымызға арналған шағын іс шарамызда Мәдениет үйінің әншілері Сманбаева Мадина "Құлыншағым" және Ахмет Назерке "Анашым"
әнін орындады.
3. Аудандық орталық ауруханасының аға мед бикесі – Жұмамұратова Алма М.Мақатаевтың «Жоқ дәрігер» өлеңін оқыды.
4. Жуалы аудандық орталық аурухана ұжымының балалар мен аналарына дайындаған шағын сыйлықтарын берді.
5. «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауында педиатр, лор, окулист, психолог, невропатолог дәрігерлеріне сұрақтарын қойып, кеңес алды.