Жамбылдық кардиологтар инфаркт алған 65 жастағы пациентке көмек көрсетті
Тұрдажиев Сейтжан Қордай ауданының тұрғыны. 65 жастағы азамат 19 ақпанда аяқасты инфаркт алып, жергілікті аурханаға шұғыл жеткізілген. Бірнеше күннен соң Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына ауыстылған. Науқастың айтуынша, жедел-жәрдем шақырғанда жағдайы өте мүшкіл болған және білікті дәрігерлердің көмегімен бір ажалдан аман қалған.
«Қазір жағдайым жақсы. Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында науқастарға МӘМС аясында барлық медициналық көмек тегін көрсетіліп жатыр. Алғыстан басқа айтарым жоқ»,-дейді пациент.
Ал Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының кардиология бөлімінің меңгерушісі Рауза Жұбандықованың сөзінше, 2024 жылдың есебі бойынша кардиология бөліміне 1800 науқас түскен. Мұнда науқастарға жасалатын отаның алды 8 миллион теңгені құраған.
Айта кетейік, Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында адамға жүрек ауруларында коронаграфия жасау отасы яғни, қан тамырларының бүтіндігін зерттеу әдісі мен зақымдалуы кезінде стент орнату операциялары жасалады. Күрделі ота дертке шалдыққан азаматтар үшін қолжетімді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қаржыландырылуда.