"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.С.Жұманқұловтың аудан тұрғындарымен өткізген «Ашық есік» күні

 Ағымдағы жылдың қаңтар айының 28 жұлдызында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.С.Жұманқұлов Жуалы аудандық орталық ауруханасының базасында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді.  

Қабылдауға келген азаматтар өздерін  толғандырып жүрген медицина саласындағы мәселелерге толықтай жауабын ала алды.

 Қайрат ауылы Төле би көшесі № 63 үйдің тұрғыны М.Бекешов қабылдауға бірінші болып кірді. Аудан тұрғынының толғандыратын мәселесі жұбайы К.Бекешованың денсаулық жағдайы. Жұбайы аяқ астынан қыркүйек айынан бастап ауырып, облыстық офтольмологиялық орталықта «Отслойка сетчаски» диагнозы қойылады. Алматы қаласы «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтына» 14 күн сайын «дипросан» препаратын салдыру үшін баратындығын айтты.  Өзі бала бақшада қарауыл болып жұмыс атқарады, жол күре мәселесі ауыр болып жатқандықтан, осы Тараз қаласындағы «Облыстық офтальмологиялық орталығы» деңдейінде көмек көрсетілсе деген ойын жеткізді. Жұбайының денсаулығына қатысты тағы бір мәселе мүгедектікке шығару. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы  М.С.Жұманқұлов пациенттің медициналық құжаттарын зерттей келе, Алматы қаласына қатынамай-ақ, облыстық деңгейде шешу облыстық офтольмалогиялық орталықтың бас дәрігеріне тапсырылды. Ал мүгедектікке шығуына қажетті барлық құжаттары қолында болғандықтан, біріншілік медициналық санитариялық көмек бөлімінің  меңгерушісі  (БМСК) Б.Ш.Көшеновке қалған құжаттарын дайындап, мүгедекке шығу үшін МӘС ( медициналық әлеуметтік сараптама) комиссиясына жіберуін тапсырды. Азамат жұбайын коммиссиядан өту үшін Тараз қаласына бару қиындық туғызатынындықтан, осы аудандық аурухана өткізу ыңғайлы болатындығын жеткізді.  2018 жылдың 22 ақпанында МӘС комиссиясы аудандық ауруханаға келетіндігі  және осы уақытқа пациенттің құжаттарын дайындайтындығы шешілді.

Нұрлыкент ауылдық округінен сайланған аудандық депутат К.М.Бегалиев өзінің көкейінде жүрген мәселе бойынша қабылдауға кірді. Ауылдық округтың ыңғайсыздық туғызып жүрген мәселе - жедел жәрдем көлігі. Нұрлыкент дәрігерлік амбулаториядағы жедел жәрдем көлігі тозығы жеткендіктен  және 5528 халыққа көлік жетіспеушілік туғызып жатқандығын айтты. С.М.Жұманқұлов бұл мәселе өзіне мәлім екендігін және шешімі осы жылдық бюджеттік бағдарламаға еңгізілгендігін атап өтті. Депутат тұрғындардың аудандық ауруханасының бас дәрігері мен қызметкерлерінің көрсетіп жатқан көмегіне көңілі толатындығын, алғыс білдіретіндігін айтып өтті.

Бәйтерек ауылының тұрғыны Р.Зауырбекова өзінің денсаулығы мазалап жүргендігін, зейнеткер болғандықтан өзіне қойылған диагнозбен қандай дәрі-дәрмектен көмек болатындығын сұрап кірді. С.М.Жұманқұлов пациенттің медициналық құжаттарын байыппен қарап шықты. Диагнозы «Хронический холецистит, Хронический гастрит». БМСК меңгерушісі Б.Ш.Көшеновке аудандық терапевт дәрігерімен бірігіп, диагнозына сәйкес дәрі-дәрмек тағайындауын тапсырды. Барлық сараптамаларды өткізіп, нәтижелері дайын болғаннан кейін, Ақтөбе дәрігерлік амбулаториясындағы күндізгі бөлімге жатқызу тапсырылды. Пациент қойылған сұрақтарына толық қанағаттанғандығын жеткізіп, алғысын білдірді.

Қайрат ауылы Т.Рысқұлов № 40 үйдің тұрғыны Т.Омирбеков қызы Сапарғали Ақнұрдың денсаулығына қатысты сұрақтарын қою үшін қабылдауға кірді. Сапарғали Ақнұр 10.02.2014 жылы туылған                                « Мукавицидоз» диагнозымен ауырады. «Тобимицидон» препаратын қолдану қажеттігін, ол препарат басқа облыстарға жеткізіліп жатқандығын естігендігін және «кислароттық  консентраторды»  алу мәселесі толғандырып жүргендігін айтты.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қазақстан аумағына «Тобимицидон» препаратын жеткізуші «СК-фармация» ЖШС барлық облыстарға тізімге сәйкес жеткізіп жатқандығын, біздің облысқа ақпан айында жеткізілетіндігін айтты. Өз кезегінде аудандық балалар дәрігері  Л.О.Мадуанова «Кислородтық концентратор» мәселесін шешу үшін аудандық әкімшілікке хат жолдағандығын, шешімін тапқандығын жеткізді. Атап айтқанда аудандық әкімшілік 200 мың теңге көлемінде көмек көрсететіндігі айтылды.

С.М.Жұманқұлов қажетті қаражат жиналған кезде аппаратты қай жерден алу керектігін және онымен қолдану ережелерін үйрету қажеттігін айтып, бас дәрігерге тапсырма берді.

 Қабылдауға келген барлық аудан тұрғындары қойылған сұрақтарына нақты жауап алғандығын, алынған жауаптарға толық қанағаттанғандықтарын жеткізді.  С.М.Жұманқұлов аудандық аурухананың жұмыс барысып көріп, стационарлық бөлімдерін аралап, ем қабылдап жатқан пациенттермен сөз алмасып, көрсетіліп жатқан медициналық қызметтің сапасына қандай баға беретіндігін сұрады. Пациенттер өз кезегінде ем қабылдауға барлық жағдай жасалынғандығын, еш қандай шағымдары жоқтығын айтты.

                  

         Ішкі аудит бөлімінің маманы                                 А.С.Узенбавеа