"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай Жуалы аудандық орталық ауруханасында Ауғаныстан ардагерлеріне медициналық және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету бойынша профилактика бөлімінің ұйымдастыруымен «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауы ұйымдастырылып өткізілді. Іс шара барысында кардиолог, эндокринолог , ЖТ дәрігерлері ардагерлер арасында қабылдау жүргізді. Дәрігерлердің қабылдауына дейін профилактика бөлімінің мамандары ардагерлердің бой,салмағын тексеру,қан қысымын өлшеу, қандағы қант мөлшерін тексеру, холестерин деңгейін тексеру, көздің ішкі қысымын тексеру, ЭКГ түсіру, шағымы бойынша ультра дыбыстық тексеру сынды профилактикалық шараларын жүргізді. Ауру белгілері анықталған пациенттерді, өздерінің аймақтық ЖТ дәрігерлеріне жіберіліп, ем шараларын жалғастыру тапсырылды. «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауын өткізген соң, нарколог дәрігері «Темекі түтінінің адам ағзасына зияны», «Маскүнемдік, нашақорлық – қоғам дерті» және ЖТ дәрігері А.Шалхар «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» тақырыптарында шағын баяндамаларын оқып, аудан ардагерлерінің сұрақтарына жауап беріп, кеңестер берді. Іс- шара соңында ауған ардагерлері арасында дене белсенділігін арттыру мақсатында күнделікті қолданатын жаттығулар жөнінде денсаулық мектебінің мед бикесі – Л.Мамедова және есте сақтау ,ойлау қабілеттерін жақсарту бойынша «Нейро гимнастика» жаттығуларын аймақтық психолог Л.Грекова көрсетіп, сөс мамандары ақпараттық оқыту құралдарын таратты . Іс шара соңында «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің психологі В.Сейтаева қорытындылап, ардагерлерге алғысын білдірді.