"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жамбыл облысында кардиохирургия және трансплантология саласының дамуы қарқын алған.

Тараз қаласындағы «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында дәрігерлер жылына 300-ге жуық ашық ота жасайды. Ол отаның 150-і ересектерге жасалса, тағы 150 ота балаларға жасалады. «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында» күрделі оталар жасалады. Жоғары технологиялы және қымбат бағалы медициналық көмек МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылады.

Орталықтың білікті дәрігерлері таяуда 65 жастағы ер адамның жүрегіне жоспарлы ота жасады. Ота бірнеше сағатқа жалғасқан. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы жақсы.

- Бұл ота жаспарлы түрде жасалды. Мұнда келгенде жағдайым өте ауыр болды. Отадан кейін жағдайым жақсарып қалды. Маған жасалған ота миллиондаған қаражатты талап етеді. МӘМС есебінен ота тегін жасалды. Орталықтың дәрігерлеріне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне рахмет айтамын ,- дейді Тараз қаласының тұрғыны Ерғали Исмайлов.