14.04.2026 жылдың сағ 11:00 де аудандық орталық ауруханасының профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандарының және С. Сейфуллин орта мектебінің ұжымының ұйымдастыруымен жасөспірім қыздар арасында репродуктивті денсаулықты нығайту мәселелері бойынша жасөспірім қыздар арасында
Репродуктивті денсаулықтарын қорғау
Ерте жүктіліктің алдын алу
Қыз баланың жеке бас гигиенасы
АИТВ және ЖИТС ауруының алдын алу тақырыптарында іс шаралар өткізілді. Іс шара барысында "Отбасын жоспарлау және болашақ ана" денсаулық мектебінің мед бикесі А. Лаброва , "Сенім" жастар денсаулық кабинетінің мед бикесі Г.Шохатова, сөс маманы К. Амиреева тақырыптарға сәйкес баяндамаларын оқып, сөс мамандары ақпараттық оқыту құралдарын таратты. Іс шара соңында" Сенім "жастар денсаулық кабинетінің маманы В. Сейтаева " Қыз қылығымен көрікті", "Оқушылар арасында психологиялық қарым қатынас орнату" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.



















