Жуалы аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Дәрігер – балалардың жанашыры, өз денсаулығыңды тексер» атты ұранмен «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауы өткізілді. Бұл шараның мақсаты – балалардың денсаулығына ерекше көңіл бөлі,аурулардың алдын алу,ата-аналарға медициналық кеңес беру және бүлдіршіндердің денсаулығын жан жақты тексеруге мүмкіндік жасау. Балалар – біздің болашағымыз, еліміздің ең қымбат байлығы. Олардың денсаулығын сақтау, сапалы медициналық көмек көрсету және аурулардың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы мақсатта өткізіліп отырған бүгінгі шара балалардың денсаулық жағдайын бағалауға, ата-аналарға дәрігерлік кеңес беруге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Денсаулықты күту – әр адамның өзінен басталатынын ұмытпайық. Уақытылы тексеруден өту көптеген аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Аудандық орталық аурухана ұжымының атынан келген барлық балаларға сыйлықтар беріліп, балмұздақтар мен сусындар таратылды.
1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Дәрігер – балалардың жанашыры



















