«Есірткісіз – болашақ жастардың жарқын өмірі»
2026 жылдың 26 маусым күні Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай аудандық Жастар ресурстық орталығының «Coworking» залында «Есірткісіз – болашақ жастардың жарқын өмірі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Шараға:
аудандық орталық аурухананың нарколог-дәрігері Бердіхожаева Зоя Серікқызы;
? «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің психологі Сейтаева Венера Серікқызы;
СӨС маманы Грекова Людмила Евгеньевна қатысты.
Кездесудің мақсаты – жастарды нашақорлықтың, алкоголь мен темекінің зияны туралы ақпараттандыру, олардың адам денсаулығы мен болашағына тигізетін кері әсерін түсіндіру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.
Сонымен қатар, буллингтің зияны, оның психологиялық әсері және одан қорғану жолдары жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Мамандар жас жеткіншектерге зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін зардаптарын нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
«Есірткісіз – болашақ жастардың жарқын өмірі»



















