"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет!

Жуалы аудандық орталық ауруханасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында құрылымдық бөлімше меңгерушілері мен аға мейіргерлердің қатысуымен комплаенс қызметі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, медициналық ұйымдардағы комплаенс қызметінің міндеттері, қызметтік әдеп қағидаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және оларды басқару мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар қатысушыларға адалдық, әділдік, ашықтық және заң талаптарын қатаң сақтау – әрбір медицина қызметкерінің кәсіби міндеті екені атап өтілді. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.

Жуалы аудандық орталық ауруханасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және халыққа сапалы әрі ашық медициналық қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.