"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
2026 жылдың 13 шілде күні орталық «Coworking» залында

2026 жылдың 13 шілде күні орталық «Coworking» залында «ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ, КИБЕРБУЛЛИНГ ПЕН БУЛЛИНГ, БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ, БАЛА ӨМІРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖАУАПТЫ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға аудандық орталық аурухананың «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің психолог маманы Грекова Людмила Евгеньевна, СӨС маманы Шохатова Гүлшат Тұрлыбайқызы, және аудандық акушерка Лаврова Ангелина Петровна қатысты.
Мақсаты: Жасөспірімдердің —қоршаған ортаға бейімдеу және қауіпті әрекеттердің алдын алу болып табылады. Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлықтың және зорлық – зомбылық әлімжетіктің алдын алу және жасөспірімнің психологиялық саулығын сақтап қалуға, жеке дамытуға, кәсіптік бағдар беруге, өз-өзін тануға деген қызығушылықтары мен қабілеттерін арттыру,салауатты өмір салтына тәрбиелеу.