"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
«Денсаулық аралы» акциясына 300-ден аса тұрғын қатысты

«Денсаулық аралы» акциясына 300-ден аса тұрғын қатысты

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы мен №5 қалалық емхананың ұйымдастыруымен «Денсаулық аралы» акциясы өтті.
Акция барысында тұрғындарға жалпы тәжірибелік дәрігер мен психологтың кеңестері ұсынылып, қан қысымы мен қандағы қант деңгейі өлшенді. Сондай-ақ алғашқы медициналық тексерулер жүргізіліп, денсаулық жағдайына қатысты ұсыныстар берілді және салауатты өмір салтын ұстану бойынша кеңестер айтылды.
Сонымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары МӘМС жүйесіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараға 300-ден аса тұрғын қатысып, білікті мамандардан кеңес алып, денсаулық көрсеткіштерін тексеруге мүмкіндік алды.
Осындай игі шараға қатысқан барша тұрғындарға алғысымызды білдіреміз. Денсаулығыңызға бейжай қарамай, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп тұруға шақырамыз!

Денсаулық – басты байлық!