"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Емізудің сәтті болуы – тек ананың ғана жауапкершілігі емес

Емізудің сәтті болуы – тек ананың ғана жауапкершілігі емес. Ол отбасының, жұмыс орындарының, денсаулық сақтау жүйесінің және жалпы қоғамның қолдауын қажет етеді.

Әрбір әйелдің сәбиін ана сүтімен сәтті қоректендіруіне мүмкіндік жасау үшін:

жүктілік кезінде, босанғаннан кейін және бала өмірінің алғашқы жылдарында ана сүтімен қоректендіру бойынша білікті мамандардың кеңесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету;

бала емізетін ананы қолдауға жолдасы мен отбасы мүшелерін тарту;

отбасыларды ана сүтін алмастырғыштарды орынсыз жарнамалау мен маркетингтен қорғау;

ана сүтін қоректендіруді қолдау бағдарламаларын дамыту;

әйелдердің жұмысқа оралғаннан кейін де ана сүтімен қоректендіруді жалғастыруына қолайлы жағдай жасау, оның ішінде баланы емізуге немесе ана сүтін сауып алуға арналған ақылы үзілістерді қамтамасыз ету қажет.