Жуалы аудандық орталық ауруханасының профилактика бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен аудандық орталық емханасында тұрғындар арасында АИТВ және ЖИТС ауруының алдын алу тақырыбында «Ашық есік» дәрігерлік қабылдауы өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары туралы ақпарат беру, салауатты өмір салтын насихаттау, аурудың берілу жолдары мен сақтану шараларын түсіндіру, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Қабылдау барысында тұрғындарға АИТВ-ның алдын алу, ерте анықтау және уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мамандар тарапынан сұрақтарына жауаптар берілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар халықтың медициналық сауаттылығын арттырып, АИТВ инфекциясының алдын алуға және тұрғындардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Іс-шара соңында ақпараттық оқыту құралдары таратылды



















