"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Зиянды әдеттердің алдын алу – басты міндет

2026 жылдың 8 қыркүйек күні Көкбастау ауылдық округіне қарасты №30 Көктөбе орта мектебінің 8–11 сынып оқушылары арасында «Нашақорлықтың алдын алу: жастар арасында зиянды әдеттерге қарсы күрес және заңсыз есірткі заттарын жарнамалайтын граффити жазуларын өшіру, буллинг, кибербуллинг, әлімжеттік, интернет алаяқтыққа жол жоқ» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді.

Кездесуге «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің заңгері Сейткулов Ербол Сағындықұлы, «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің психологі Сейтаева Венера Серікқызы, СӨС маманы Амреева Камшат, нарколог-дәрігер Бердіхожаева Зоя Серікқызы және Жуалы АПБ ҚҚб ЮПТ КТІж аға УПИ полиция майоры Тәжібаева Меруерт Тойлыбайқызы қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға нашақорлық, ішімдік пен темекінің адам денсаулығына және болашағына тигізетін зияны түсіндіріліп, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар буллинг, кибербуллинг, әлімжеттік және интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: жасөспірімдерге зиянды әдеттердің қауіптілігін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру және нашақорл