"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жастар арасында кездесу өткізілді

2026 жылдың 10 қыркүйек күні Қарасаз ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылында орналасқан №16 Жуалы колледжінің 1–3 курс білімгерлері арасында «Нашақорлықтың алдын алу: жастар арасында зиянды әдеттерге қарсы күрес, заңсыз есірткі заттарын жарнамалайтын граффити жазуларды өшіру, буллинг, кибербуллинг, әлімжеттік және интернет алаяқтыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты – білімгерлерге ішімдік, темекі және есірткінің адам денсаулығына тигізетін зияны туралы түсіндіру, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықсыз қоғам қалыптастыру.

Кездесу барысында жастарға есірткінің зияны, құқықтық жауапкершілік, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, әлімжеттікке жол бермеу және интернет алаяқтықтан сақтану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шараға «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің заңгері Сейткулов Ербол Сағындықұлы, «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің психологі Сейтаева Венера Серікқызы, СӨС маманы Амреева Қамшат Жанбекқызы, әлеуметтік психолог Грекова Людмила Евгеньевна, нарколог-дәрігер Бердіхожаева Зоя Серікқызы және Жуалы АПБ ҚҚб ЮПТ КТІж аға УПИ,