2026 жылдың 11 қыркүйек күні Б.Момышұлы ауылына қарасты, Б.Момышұлы ауылында орналасқан Ә.Бөкейхан атындағы
№15 тірек мектеп-лицейінің 8 - 11 сынып оқушылары арасында «Нашақорлықтың алдын алу: жастар арасында зиянды әдеттерге қарсы күрес және заңсыз есірткі заттарын жарнамалайтын граффити жазулар өшіру, буллинг кибербуллинг, әлімжеттік, интернет алаяқтыққа жол жоқ» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Білімгерлердің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу және нашақорлықсыз қоғам құру.
Шараға «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің заңгері Сейткулов Ербол Сагындыкович, «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің психологі Сейтаева Венера Серікқызы, СӨС маманы Амреева Камшат Жанбековна, әлеуметтік психолог Грекова Людмила Евгеньевна, нарколог-дәрігер Бердіхожаева Зоя Серікқызы және Жуалы АПБ ҚҚб ЮПТ КТІж аға УПИ полиция майоры Тәжібаева Меруерт Тойлыбайқызы қатысты.
2026 жылдың 11 қыркүйек күні Б.Момышұлы



















