2026 жылдың 15 қыркүйек күні Б.Момышұлы ауылына қарасты №29 М.Жұмабаев орта мектебінің 8 - 11 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді.
Шараға «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің заңгері Сейткулов Ербол Сагындыкович, «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің психологі Сейтаева Венера Серікқызы, СӨС маманы Амреева Камшат Жанбековна, әлеуметтік психолог Грекова Людмила Евгеньевна, нарколог-дәрігер Бердіхожаева Зоя Серікқызы және Жуалы АПБ ҚҚб ЮПТ КТІж аға УПИ полиция майоры Тәжібаева Меруерт Тойлыбайқызы қатысты.
Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру.



















